Қар, бұрқасын, жаңбыр - сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында - қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, Қазақстан Республикасының шығысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.


Соңғы жаңалықтар