Қар, көктайғақ, боран: 1 наурызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 1 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.
Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.