01:01, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қар, көктайғақ, тұман: 12 қаңтарда құбылмалы ауа райы сақталады
Қазгидромет синоптиктері 12 қаңтар, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз, құбылмалы сипаты сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Ел бойынша тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады.