Қар, көктайғақ, жел –8 қарашаға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Қазгидромет» РМК 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қар, көктайғақ, жел –8 қарашаға арналған ауа райы

Атмосфералық ауа ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.