Қар, көктайғақ, жел - Сейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қар, көктайғақ, жел - Сейсенбіге арналған ауа райы

«11 ақпанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс облыстары антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады», делінген болжамда.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын слоғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.