10:47, 26 Сәуір 2017 | GMT +6
Қар көшкіні бензин тасымалдаушы екі көлікті басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек-Ош тасжолында қар көшкіні бензин тасымалдаушы көлікті басып қалды, деп хабарлайды kabar.kg Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 сәуірде сағат 15:10-да Қырғызстан Республикасы Шу облысы Жайыл ауданында Бішкек-Ош тасжолының 131 шақырымында қар көшкіні болып, екі бензин тасымалдаушы көлікті басып қалды.
«Көшкіннің көлемі анықталып жатыр. Жол уақытша жабылды, зардап шегушілер жоқ», - деп атап өтті ТЖМ.