Қар көшкіні кезінде сарбаздардың қаза табуын Қорғаныс министрі басқаратын комиссия тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 ақпанда Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні орын алды. Жауынгерлік дайындық сабағына барлығы 23 адам қатысқан, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Қар көшкіні кезінде сарбаздардың қаза табуын Қорғаныс министрі басқаратын комиссия тексереді

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметші қаза тапты. Іздестіру іс-шараларына Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облыстық ТЖД жедел жасағы, Шекара қызметінің әскери қызметшілері арнайы техникамен жұмылдырылды. 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

ҚР Премьер-министрінің қаулысына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен комиссия құрылды.