19:50, 30 Наурыз 2022 | GMT +5
Қар көшкіні жүру қаупі бар: ШҚО-дағы тасжол жабылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін бүгін сағат 20.00-ден бастап қар көшкіні жауып қалуы қаупі бар.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 432-438 шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады. Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.