Қар көшкіні жүруі мүмкін: ШҚО-дағы тасжолдардың бірі жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар көшкіні жүруі мүмкін: ШҚО-дағы тасжолдардың бірі жабылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.