17:24, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
Қар көшкініне байланысты Үлкен Алматы жолы жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мен ГЭС-1 және Үлкен Алматы су арнасына қатынайтын тас жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі 112 жедел хабарлама желісіне сүйене отырып.
«Алматы қаласы ГЭС-1 ҮАК тас жолы қар көшкіні түсуіне байланысты жабық», делінген хабарламада.