Қар көшкінінен төрт сноубордшы ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның солтүстігіндегі тауларда болған қар көшкінінен төрт сноубордшы ажал құшты. Спортшылардың екеуі француз және қалған екеуі неміс азаматтары.
Бұл қайғылы оқиға Сванетия тауларында бейсенбіге қарағанда түнде орын алды. Бастапқыда екі адамның қаза болғаны хабарланған еді, алайда сенбіде Грузия Сыртқы істер министрлігі тағы екі спортшының өлімін растады. Осы топта бірге болған бесінші француздық сноубордшы аман қалып, зардап шекпеген, деп жазады Франс Пресс.