Қар көшкінінен зардап шеккен сарбаздардың жағдайы бірқалыпты - министр Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Көксай шатқалында қар көшкінінен жарақат алған сарбаздардың қазіргі xал-жағдайы туралы айтып берді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде 10 сарбаз ауруxанада ем алып жатыр. «Олардың xал-жағдайы ойдағыдай, денсаулыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Ауруxанадан қай кезде шығаратынын дәрігерлер өздері шешеді. Екі сарбазды Алматыға ауыстырған болатын. Жағдайлары жақсарғанда шығарады. Негізі, өмірге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Біртанов бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Жамбыл облысындаға Көксай шатқалында жаттығу өткізген 91678 әскери бөлімшесінің сарбаздары кенеттен қар көшкініне тап болды. Төтенше жағдайдың салдарынан 7 сарбаз қайтыс болды. 16-сы сан алуан жарақаттар алды. Бүгін аталған оқиғаны арнайы үкіметтік комиссия тергеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар