03:28, 08 Наурыз 2024 | GMT +5
Қар көшкіні жүру қаупі бар: ШҚО-дағы тасжол жабылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM –Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі туындады.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.