Қар көшкінінен қаза тапқан альпинистер саны артты
МӘСКЕУ.Kazinform — Кабардин-Балқарияда қар көшкінінің салдарынан қаза тапқан альпинистер саны 14 адамға жетті. Оқиға орнынан тағы бір альпинистің денесі табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресей ТЖМ өңірлік бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, тағы үш альпинистің тағдыры әзірге белгісіз. Қаза тапқандардың денелері тікұшақпен Нальчикке жеткізіліп, құқық қорғау органдарының жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Безенги шатқалындағы іздеу-құтқару жұмыстары қар- мұз массасының қайта көшкініне байланысты уақытша тоқтатылды.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйек кешке Кабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауынан бағыт бойынша қозғалып бара жатқан 33 альпинистен құралған топқа қар көшкіні түскен.
Ресей Тергеу комитетінің тергеу органдары оқиғаға байланысты салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Кабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында қар көшкінінің салдарынан 11 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Тағы алты альпинист із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған.