22:32, 13 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қар көшкінінің алдын алу: ШҚО-да жол жабылады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылады.

Облыста жасанды жолмен қар көшкіні түсірілмек. Соған байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынады.
— 14 қаңтарда сағат 11-00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102 шақырымы жабылады. Көлік жүргізушілерінен түсіністік танытып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, қаңтар айының басында облыстағы қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық болды. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі — 120 см.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілгені хабарланған.