Қар көшкінінің алдын алу: ШҚО-да жол жабылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады.

видеодан кадр/ҚазАвтоЖол
Фото: видеодан кадр/ҚазАвтоЖол

- 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» автожолының 46-66 шақырым аралығындағы учаскеде(Северное ауылынан-Серебрянск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

ШҚО-дағы жол жөндеу жұмыстарынан 400-ден астам ақау анықталғанын жазған болатынбыз.