Қар құрсауынан 50 адам құтқарылды - Шығыс Қазақстан

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің құтқарушылары кеше Көкпекті ауылының тұсында тас жолда көліктерімен қар құрсауында қалып қойған 50-ден астам жолаушыны құтқарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 11 автокөлік, оның ішінде екі коммерциялық автобус пен үш жүк көлігі бар, кеше боранның салдарынан жолда қалып қойған болатын. Қардың құрсауында 50-ден астам адам болған, олардың ішінде әйелдер мен балалар да бар. Шұғыл хабар түсе салысымен, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы Александр Ширшов Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығымен бірлесіп, құтқару шарасына тікұшақты қатыстыру туралы шешім қабылдайды. Тікұшақпен бірге оқиға орнына Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жөнелткен құтқарушылар мен медиктер бригадасы екі УАЗ көлігімен жетеді. Ауа райының жайсыздығына қарамастан, тікұшақ экипажы жерге қонып, бірінші кезекте бортқа әйелдер мен балаларды алады. Ұшқыштар үш рет рейс жасап, адамдардың барлығын оқиға орнынан алып шығады. Ұшақ адамдарды көшіріп жатқан кезде, құтқарушылар машиналарды тексеріп, адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқиға орнына УАЗ көліктерімен жеткен экипаждар да қар құрсауында қалған 11 адамды алып шықты.
Соңғы жаңалықтар