Қар құрсауында қалған 300-ге жуық адам Қарағандыға жеткізілді

«Ауа райының күрт нашарлауына және автомобиль жолдарының жабылуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ тәулік бойы режимде жұмыс істеуде. Қарағанды облысы жергілікті органдармен бірлесе отырып, оларды қар құрсауынан шығарудың жедел шаралары алынды. Жолаушыларды діттеген жерлеріне жеткізу үшін барлық шаралар қолға алынуда», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда Қарағандыдан әртүрлі бағыттарға 540 адам жөнелтілді. Қазіргі кезде вокзалда 250-300-ге жуық адам қалып отыр, олар жолшыбай пойыздарға отырғызылып, билеттермен қамтамасыз етілуде (сағат 21:00-ден 22:15-ке дейін оңтүстік бағытқа 3 пойыздың келуі күтілуде).
Сонымен бірге, Қарағанды мен Теміртау арасында қосымша электр пойызы ұйымдастылады, оларда 400 орын көзделген.