18:21, 27 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қар құрсауында қалған жолаушыларды пойыз құтқаруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының автомобиль жолдары жабық. Осыған байланысты жолаушылары діттеген жеріне дер уақытында жеткізу үшін шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қазіргі уақытта Жамбыл (Тараз) стансасында облысаралық автобусқа билет алғанымен жолға шыға алмай отырған шамамен 200 адамды діттеген жеріне жеткізуді ұйымдастыруда. Олар №21 «Семей-Қызылорда», №55 «Көкшетау-Қызылорда» және №23 «Алматы-Ақтөбе» пойыздарына отырғызылатын болады.
«Ұлттық тасымалдаушының орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелері күшейтілген режімде жұмыс істеуде», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан ақпаратта.