Қар құрсауында қалып қойған адамдар құтқарылды - Қостанай

«Оқиға осы жылдың 2 ақпанында 01:25 сағатта «Қостанай - Әулиекөл» автожолының сегізінші шақырымында, Қостанай ауданы аумағында Осиновка кентінің маңында болған. ВАЗ 2110 маркалы жеңіл автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, қалың қарға кіріп кеткен. Автокөлік құралының салонында 3 адам болған. Оларға құтқарушылар көмекке келді», - дейді ведомствоның өкілдері.
Құтқарушылар автокөлік аккумуляторын ажыратып, сүйрегіш тростың көмегімен автомобильді қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне алып шықты.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері автокөліктің техникалық ақаулы күйде болғандығынан, оны жақын маңдағы елді мекенге қарай сүйреп апарды. Қазіргі уақытта құтқарылған азаматтардың өміріне еш қауіп жоқ.