Қар, күшті жел, боран - жұма күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні еліміздің көп бөлігінде қатты жел соғып, қалың қар жауады, кей өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қар, күшті жел, боран - жұма күнгі ауа райы

«7 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын, шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын түседі, көбінесе қалың қар жауады.

Тек республиканың батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын, күшті жел соғады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында өте қатты жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін», делінген хабарламада.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с болжанады, кей жерлерінде көктайғақ, тұмантүсуі ықтимал.

Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, коктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.