Қар суына батқан бір адамның денесі табылды - Қарағанды облысында

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сағат 13.00-де Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары жол апаты салдарынан көктемгі тасқын суға батып кеткен бір адамның денесін тапты. 

Қар суына батқан бір адамның денесі табылды - Қарағанды облысында

Қалған екі адамды іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бір адам тіршілік белгілерінсіз табылды. Суға құлаған тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Сүңгуірлер мен ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының техникасы жұмылдырылды. Апаттың орын алуы көктемгі су тасқынымен байланысты емес. Аумақта тасыған судың биіктігі небәрі 10 сантиметрді құрады», - деді Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мүтәллапов.

Еске салайық, 31 наурыз күні «Қарашоқы-Бесоба» жергілікті маңыздағы тасжолында «УАЗ» автомобилі еріген қар суына толы жыраға түсіп кет кен.

«7 орындық машинаның салонында 14 адам болғандығы анықталды. Апатқа ұшыраған көліктегі он бір адам судан өздері шығып, жол үстіне көтерілген», - деді Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мүтәллапов.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай, жыраға құлаған.