Қар тапшылығынан Биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі кейінге шегерілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі кейінге шегерілуі мүмкін деген ақпаратты сейсенбі күні Ресей биатлонистер одағы Twitter парақшасындағы шағын блогта жариялады.

Қар тапшылығынан Биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі кейінге шегерілуі мүмкін

"Әлем кубогының екінші кезеңі қар тапшылығы салдарынан Хохфильценнен Остерсундке көшірілуі ықтимал. Шешім бүгін қабылданады", - делінген хабарламада.

Әлем кубогының екінші кезеңі бастапқыда 11-14 желтоқсан аралығында австриялық Хохфильценде өтуі тиіс еді. Әлем кубогы 9 кезеңнен тұрады. Соңғысы РФ Ханты-Мансийск қаласында 2015 жылдың 18 - 22 наурызы аралығында өтеді. Сонымен қатар биатлоншылар Контиолахти қаласында 2015 жылы 3-15 наурыз аралығында болатын әлем чемпионатына қатысады.

Жексенбі күні алғашқы кезең швециялық Эстерсундте басталды. Бұл жарыста Франция бірінші орынды еншіледі.