«КаР-Тел» абоненттерге төтенше жағдайлар туралы тегін ақпарат тарату бойынша ҚР ТЖМ-мен келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ-мен хабарламаларды таратуға байланысты келісімшарт жасау туралы келіссөздер жүргізілу үстінде, деп хабарлайды «КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

«КаР-Тел» абоненттерге төтенше жағдайлар туралы тегін ақпарат тарату бойынша ҚР ТЖМ-мен келіссөздер жүргізуде

«Бұған дейін хабарланғандай, «КаР-Тел» ЖШС табиғи апаттар туралы SMS хабарламаларды тегін жолдауға дайын. Мысалға, тас жолдардың жабылуы туралы хабарламалар Астана қаласы бойынша тегін таратылып келеді», - делінген таратылған баспасөз айғағында.

«Ал Мадьяров мырзаның SMS хабарламалардың құны 5 теңге тұратындығы туралы мәлімдемесі, алдын алу мақсатындағы хабарламаларға қатысты айтылған. Оларға «Тұрмыстық газды қолдану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз», «Үйден шығарда жарықты сөндіріңіз», «Көктайғақ кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз» және осы сынды басқа да ескертулер жатады. Одан бөлек, компания алдын алу шараларына қатысты хабарламаларды үш күн бұрын ұсынуды сұратады.