«Кар-Тел» Beelinе сауда белгісімен дәстүрлі «Майдандастарға қоңырау» акциясын өткізеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Кар-Тел» ЖШС Beelinе сауда белгісімен мамырдың 9-ы күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында дәстүрлі «Майдандастарға қоңырау» акциясын өткізеді,

«Кар-Тел» Beelinе сауда белгісімен дәстүрлі «Майдандастарға қоңырау» акциясын өткізеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл шара Алматыда 28 панфиловшылар саябағы мен компанияның ашық кеңсесінде өтеді. Ал өзге ірі қалаларда ол аймақтық кеңселерде жүзеге асырылады. Біз барлық соғыс ардагерлерін құрмет тұтамыз. Сондықтан Жеңіс күні олардың жер-жердегі өз майдандастары мен жақын адамдарын мерекемен тегін құттықтауына мүмкіндік тудырмақпыз», - дейді компанияның жұртшылықпен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин. Оның айтуынша, ардагерлер бұл күні ұялы байланыс операторының тегін қызметін таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін пайдалана алады.