«КаР-Тел» компаниясы сыйлап отырған құрал-жабдықтар біздің студенттерге іс жүзіндегі базалық стансыны өз көздерімен көруіне мүмкіндік береді - Ж.Бекмағамбетова

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline бренді) М.Тынышпаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясы студенттеріне ақысыз ұялы байланыс жүйесінің құрал-жабдықтарын тапсырды,

«КаР-Тел» компаниясы сыйлап отырған құрал-жабдықтар біздің студенттерге іс жүзіндегі  базалық стансыны өз көздерімен көруіне мүмкіндік береді -  Ж.Бекмағамбетова

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Радиотехника және телекоммуникация» кафедрасының «Радиотехника, электроника және телекоммуникация (РЭТ)» мамандығы студенттеріне базалық антенно-фидерлік кешені берілді.

«Біз «Радиотехника және телекоммуникация» кафедрасының базасында ұялы желі стансысының макеттік базасын құрдық. Осы мақсатта біз ақысыз түрде барлық қажетті құрал-жабдықтар бердік. Осы білім үрдісіне қосқан азғантай үлесіміз академия студенттеріне жаңа технологиялармен таныс болып, білімдерін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік береді деп ойлаймын», дейді «КаР-Тел» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.

«КаР-Тел» компаниясы сыйлап отырған құрал-жабдықтар біздің студенттерге іс жүзіндегі базалық стансыны өз көздерімен көруіне мүмкіндік береді, стансының техникалық параметрлері жайлы түсініктерін кеңейтіп, техникалық жинаққа, оларды жалғап үйренуге, қазіргі кезде қазақстандық ұялы байланыс желісінің операторлары пайдаланып жүрген құралдармен жұмыс жасауына үйретеді», деді өз сөзінде «Радиотехника және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдардың кандидаты Жанат Бекмағамбетова.