12:29, 02 Маусым 2009 | GMT +5
КаР-Тел» компаниясы төлем қабылдау желісін айтарлықтай ұлғайтпақ
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «КаР-Тел» компаниясы «ҚазПресс» ЖШС-мен ынтымақтас арқылы өзінің төлем қабылдау желісін айтарлықтай ұлғайтпақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Beeline» сауда белгісімен қызмет жасайтын ұялы байланыс операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспа өнімдерін тарататын «ҚазПресс» ЖШС-нің ұлттық желісінде қазіргі таңда бүкіл ел аумағында 300 сауда нүктесі бар. Ал сәуір айындағы мәлімет бойынша ұялы байланыс операторында 16,5 мың төлем қабылдау орны болған. Олардың саны бір жылда 75 пайызға өсіп отыр. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында төлем қабылдау пунктерінің саны 9,4 мыңға жуық болатын.