«КаР-Тел» «Тамаша алматылық» деп аталатын жаңа тарифтік жоспар енгізеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і желі ішінде хабарласудың төменгі бағамен, абоненттік төлемсіз «Тамаша алматылық» деп аталатын жаңа тарифтік жоспарын енгізгені туралы мәлімдеме таратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл - Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарына арналған ұсыныс болып табылады. «Тамаша алматылық» тарифтік жоспарына қосылған абоненттер минутына 5 теңге төменгі бағамен абоненттік төлемсіз сапалы байланысты пайдалана алады», дейді ұялы байланыс операторының жұртшылықпен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин. Оның айтуынша, маусымның 30-ына дейін деп жоспарланып отырған жаңа тарифтік жоспардың жарамдылық мерзімі болашақта ұзартылуы мүмкін. Оған қосылу - 15 теңге мөлшерінде, қалалық телефондар мен басқа ұялы операторлар нөмірлерімен тілдесу минутына 35 теңгені құрайды. Ал қоңырау жасаушы абонент Алматы мен облыс аумағынан тыс жерде болса, басқа операторларға шығыс қоңыраулар құны 45 теңге болады. Тарифтік жоспарды айына бір рет тегін ауыстыруға болады. Ол үшін ағымдағы айдың 25-іне дейін хабарласу қажет.