«Кар-Тел» және «GSM Қазақстан» ұялы байланыс операторлары әкімшілік жауапқа тартылуда

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - «Кар-Тел» және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «GSM Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұялы байланыс операторлары әкімшілік жауапқа тартылуда.
None
None

Бәсекелестікті қорғау агенттігі басқармасының 13-ші мәжілісінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Басқарма ұялы операторларға қатысты жүргізілген тексерулердің негізінде әкімшілік істер қозғау туралы шешім қабылдап отыр», делінген агенттік хабарламасында.

Атап айтқанда, «Кар-Тел» ЖШС, өзінің басымдықты жағдайын пайдалана отырып, заңнамада қарастырылмағанына қарамастан, төлем уақытына шектеу орнатқан, сөйтіп тұтынушылардың заңды құқықтарын шектеген. Ал «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «GSM Қазақстан» серіктестігі былтыр «Демалыс күндері» пакеті аясында шындыққа сай келмейтін жарнама таратты деп айыпталуда.

«Екі жағдай бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге жуық соманың айыппұлы қарастырылып отыр, бірақ оны сот шешеді. Материалдар сотқа жөнелтілді», деп хабарлады агенттіктен.

Соңғы жаңалықтар