«КаР-Тел» ЖШС Бас директоры ауысты

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ВымпелКом» компаниялар тобы Қазақстан аумағында Beeline сауда белгісімен қызмет көрсететін «КаР-Тел» ЖШС-нің Бас директоры лауазымына Анатолий Поповты тағайындау туралы шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде Beeline-нің Қазақстандағы бизнесі алдында бірнеше үлкен міндет тұр. Ол: табыс жөнінде нарық үлесін арттыру, Интернетке кең жолақты ену бағытын дамыту, үшінші cанаттағы желіні іске қосу. Анатолий Поповтың жоғары бәсекелестікке ие тұтынушылық тауарлар нарығында сатудағы табысты тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық компаниялардағы операцияларды басқару дағдысы «КаР-Тел» компаниясының одан әрі дамуына зор үлес қосатынына сенімдімін», дейді бизнесті ТМД елдерінде дамыту жөніндегі вице-президент Дмитрий Кромский.

Новосібір университетінің механика-математика факультетінің түлегі Анатолий Попов кейін білімін экономика және басқару мамандығы бойынша жалғастырған. 2002 жылы Anheuser-Busch InBev жетекші сыра қайнату зауытының бөлімшесі болып табылатын SUN InBev компаниясына ауысты. SUN Inbev компаниясында алдымен Сібір және Қиыр Шығыс аумағында сату жөніндегі директор қызметінде, кейін Ресейдің Батыс бөлігінде сату жөніндегі аға вице-президент лауазымында қызмет атқарды. Ал 2007 жылы InBev компаниясының Болгариядағы бөлімшесінің Бас директоры, 2009 жылдың көктемінде Anheuser-Busch InBev компаниясының ресейлік құрылымында Коммерциялық операциялар жөніндегі директоры боп тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар