Қар, тұман, көктайғақ: 29 қаңтарға ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 29 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Атмосфералық фронттарға байланысты әлі де Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.