Қар, тұман, көктайғақ: Қаңтардың соңғы күніне арналған ауа райы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 31 қаңтар, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pixabay

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын жауады.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

ҚР бойынша тұман, көктайғақ, боран, сондай-ақ жел күшейеді.