Қар, тұман, көктайғақ: Қазгидрометтің 10 қарашаға жасаған болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 10-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қар, тұман, көктайғақ: Қазгидрометтің 10 қарашаға жасаған болжамы

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.

ҚР-ның басым бөлгінде тұман түсіп, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.