Қар, жаңбыр, жел - Оңтүстік циклоны ел орталығына жылы ауа ағынын әкеледі

көктем
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 9 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Белсенді Оңтүстік циклоны ҚР территориясы арқылы тез жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр және қар түріндегі жауын-шышын, оңтүстік пен орталықта қатты жауын-шашын, желдің күшеюін және температураның жоғарлауын алып келеді.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тау асуларында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар