Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК болжамынша, 16 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады. Онымен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ ел бойынша тұман мен көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Атырау облысының шығысында, орталығында қатты қар күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.