Қар жаууы АҚШ-та 35 автомобильдің қатысуымен жол-көлік оқиғасына душар етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Нью-Гэмпшир штатындағы күшті қар жаууы жол-көлік оқиғасынан 35 автомобильдің зақымдануына әкеп соқты.

Қар жаууы АҚШ-та 35  автомобильдің қатысуымен жол-көлік оқиғасына  душар етті

Төпеп жауған қар жұма күні мәскеу уақытымен 09.40-та штатаралық 1-93 күре жолында басталған болатын, деп хабарлады WCVB телеарнасы. Одан түсетін жол жабылып қалды. Әлеуметтік желідегі фотосуреттен автомобиль жанып жатқаны көрінеді.

Бірнеше адам өмірге қауіпті емес жарақат алды.

Тағы бір апат сол штаттың 1-89 күрежолында болды.