Қар, жауын, шаңды дауыл - cәрсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 1 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қар, жауын, шаңды дауыл - cәрсенбіге арналған ауа райы

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр, солтүстікте, республиканың орталығында және шығысында жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жаууы сақталады.

Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола, күндіз Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, түнде және танертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысының түнде және танертең кей жерлерінде көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз басым болігінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.