Қар, жауын, шаңды дауыл - Сейсенбіге арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты,  Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік батыс, солтүстік және орталықта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Тек еліміздің батысында оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жел күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады. Шығыста жекелеген аудандарда найзағай бақыланып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман және үсік күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20, күндіз 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз кей жерлерінде  бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең тұман, түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей  жерлерінде  жел 15-20 м/с күшееді. Қызылорда облысында жел шаңды дауылмен болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус үсік күтілуде. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram