Қар, жел мен боран, көктайғақ – Сенбіге арналған ауа райы
«25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың бөліктердің әсерінде болатындықтан құбылмалы ауа-райы сақталады, республика бойынша жауын-шашын түседі, көбінесе қар жауады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», делінген ауа райы болжамында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 16-21 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.