Қара алтын бағасы 67 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,77 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 67,02 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 1,5 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,97 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар