Қара алтынның бағасы тағы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада әлем бойынша мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған осы сауданың мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Қара алтынның бағасы тағы көтерілді

WTI маркілі жеңіл мұнайдың маусымдағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,13% артып, барреліне 47,89 долларға дейін жетті.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайының шілдедегі фьючерстері 0,22% артып, барреліне 50,88 долларды құрады.