10:21, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Қара теңізде Ыстамбұлға жақын жерде түрік танкері өртенді
ЫСТАМБҰЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қара теңізде, Ыстамбұлға жақын жерде түрік танкері өртенді. Кеменің машина бөлімінен шыққан өрттің салдарынан танкер командасының екі мүшесі күйік жарақатын алған, қалғандары – 14 адам - аман-есен,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Түріктің ресми адамдарының айтуынша, экипаж қайықтарға мініп, өртеніп жатқан кемені тастап шыққан. Апатқа ұшыраған танкерді сөндіру үшін Ыстамбұл айлағынан өрт сөндіруші кемелер жіберілген. Өртенген кеменің атауы мен оның бара жатқан бағыты туралы әзірге мәлімет жоқ.