04:12, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қара теңіздегі ұшақ апатынан мерт болған 11 адамның мәйіті шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қара теңіздегі Ту-154 ұшағынан опат болған 11 адамның мәйіті құтқару кемесінің бортына шығарылды, деп хабарлады "Интерфакс» Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ту-154 апатқа ұшыраған жердегі сүңгуірлер тобының саны 109 адамға дейін көбейді, ұшақтың фюзеляжін және ірі сынықтарын іздеу үшін суға түсіру басталды.
РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ВТА ұшағымен ұшқышсыз басқарылатын "Орлан-10" жеткізілген. Ол таяу уақытта әуеден су астындағы жағдай жөнінде мониторинг жүргізуге кіріседі.