Қарабатанда «Болашақ» зауытының құрылысымен айналысқан шетелдік екі зауыттың жұмысы тоқтатылды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Ақпанның 28-інен бастап Қаратабанда (Атырау облысы) «Болашақ» зауытының құрылысына қатысып жатқан шетелдік екі компанияның жұмысы уақытша тоқтатылды.
None
None
«Болашақ» зауытының құрылыс-монтаждық жұмыстарымен айналысатын «Бонатти С.П.А.» және «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. ? Офшор» компанияларына қатысты мұндай ұйғарымды Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы қабылдады. Бұған тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасының бұзылуы, яғни жұмыс уақыты ұзақтығының және үстеме жұмыстар санының сақталмауы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.Еңбек инспекторының қолданған шарасынан кейін «Бонатти С.П.А.»-ның басшылығы жеке бұйрықпен жұмыс уақытының ұзақтығын аптасына 40 сағаттан аспайтындай, үстеме жұмыстардың санын ? айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспайтындай етіп белгілеуге мәжбүр болды. Бұған қоса, қауіпсіздік техникасы бөлімінің менеджері Р. Исханов жұмысынан босатылды. «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. ? Офшор» компаниясындағы ахуал да осыған ұқсас ? себептер анықталғанға дейін кадрлар бөлімінің менеджері Анвар Эль Хадж жұмысынан шеттетілді. Филиалдағы еңбек процесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығы бойынша жүзеге асырылатын болады, сонымен қатар қызметкерлердің тарифтік ставка жүйесі бойынша белгіленген еңбекақысы бұрынғы деңгейде қалады. Компаниялардың қызметі әлі қайта жанданған жоқ, алайда олар барлық анықталған заң бұзушылықтарды жойғандары туралы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа кірісуге дайын екендіктерін хабарлады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға рұқсат беруге немесе сот арқылы талап-арыздық іс-қимыл бастауға өкілетті.
Соңғы жаңалықтар