Қарабатандағы зауыт құрылысымен айналысатын екі шетелдік компания жұмысын тоқтатты ? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – 2009 жылғы ақпанның 28-інен бастап Қарабатандағы (Атырау облысы) «Болашақ» зауытының құрылысымен айналысатын екі шетелдік компания жұмысын тоқтатты,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Арсений Дүйсенов.«Болашақ» зауытында құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын «Бонатти С.П.А.» және «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. ? Офшор» компанияларының атына Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы осындай ұйғарым шығарды. Оған себеп тексеру кезінде ашылған еңбек заңнамасының өрескел бұзылуы: жұмыс уақыты ұзақтығы сақталмауы және жұмыс уақытынан тыс еңбекке тартудың арттырылуы болды.Мемлекеттік еңбек инспекторының қабылдаған шаралары «Бонатти С.П.А.» басшылығын мерзімнен артық жұмыстардың шекті санын сақтай отырып, аптасына 40 сағаттан аспайтын ? айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспайтын жұмыс ұзақтығын жеке бұйрықпен белгілеуге мәжбүр етті. Техника қауіпсіздігі бөлімінің менеджері жұмыстан шеттетілді.«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. ? Офшор» компаниясында да осындай жағдай орын алды, оның себептерін анықтау үшін кадрлар бөлімінің менеджері жұмыстан босатылды.Әзірге компаниялардың жұмысы қайта жандандырылған жоқ, алайда компания қазірдің өзінде ашылған барлық жолсыздықтардың жойылғандығы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін сақтай отырып жұмысқа кірісуге даяр екендігі жөнінде мәлімдеді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауындағы мемлекеттік еңбек инспекторына кәсіпорындардың жұмыстарын жандандыруға рұқсат беру немесе сот арқылы талап ету іс-қимылдарын бастау өкілдігі берілген.
Соңғы жаңалықтар