17:38, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
«Karachaganak Petroleum Operating» компаниясына табиғатты ластағаны үшін 7,5 млрд. теңге айыппұл салынды
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - «Karachaganak Petroleum Operating» компаниясына табиғатты ластағаны үшін 7,5 млрд. теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Жоғарғы Соттың ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.
«Тексеру барысында, 2010 жылы 7 сәуірден 30 қыркүйек аралығында көмірқышқыл шикізатын жағу барысында, рұқсатсыз, өз еркімен 2109,52 текше метр шикі газды, 6,23 текше метр тазартылған газды, 253,55 текше метр желдетпе газын және 34 тонна мұнайды жаққаны анықталды», - дейді ресми өкіл.
Сонымен қатар материал деректеріне сай, компания осы аралықта шамадан тыс қалдық су, тұзды аммоний, нитрат, құрғақ қалдықтарды қоршаған ортаға шығарған.