Карачидегі фабрикада болған өрттің салдарынан 100-ден астам адам ажал құшты
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачиде тігін фабрикасында 100-ден астам қызметкер өрт кезінде көз жұмды.
Айта кетейік, өртті 17 сағат бойы сөндіру мүмкін болмады. Бақылаушылар бұл өртті соңғы онжылдықта орын алған ең «құрбаны» көп жалын деп атады, деп жазды Би-Би-Си.
Төтенше оқиға болған жерде 40-қа жуық өрт қызметі жұмыс істеуде. Ғимараттың ішінде болған қызметкерлердің саны 1600-ға таяу деп есептелуде.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, тілсіз жаудан құтылмақшы болған ондаған адам ғимараттың шатырынан секіріп кеткен.
Жуырда пәкістандық Лахорда тағы бір кәсіпорында өрт болды, соңғы мәліметтерге қарағанда сол жолы тілсіз жау 25 жұмысшының өмірін қиып кетті.