Карачидегі футбол алаңында болған жарылыс 11 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Карачидегі футбол алаңында болған жарылыстан 11 адам қаза тапты,

Карачидегі футбол алаңында болған жарылыс 11 адамның өмірін қиды

деп хабарлады Би-Би-Си. Тағы 20 адам жарақат алған.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, мотоциклге орнатылған құрылғы матч аяқталысымен іске қосылған. Мерт болғандардың көбі кәмелеттік жасқа толмағандар.

Полициядан хабарлағандай, жарылысты ұйымдастырғандар Синд - Джаведа Нагори провинциясы министрлерінің біріне қастандық жасамақ болған, алайда оған ешқандай зақым келген жоқ.

Дәл қазіргі уақытта ешқандай топ бұл іске байланысты жауапкершілікті мойнына алмай отыр.