Қарағанды-Балқаш: Ақбастау ауылынан Ақсу ауылына дейінгі 40 шақырым жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгіннен бастап Ақбастау ауылынан Ақсу ауылына дейінгі 40 шақырым аралықта қосымша қозғалыс ашылды. Жалпы автожолдың 90 шақырымында жол қозғалысы пайдалануға берілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық режимі мен жөндеу жұмыстарын хабарлайтын тосқауыл және уақытша жол белгілері орнатылды.
«Жол пайдаланушыларды қатаң түрде қауіпсіздік ережесін сақтауды, уақытша жол белгілеріне назар аударуды және қайта жаңарту учаскесінде жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Антикордың араласуынан кейін «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылғанын жазған болатынбыз.