Қарағанды мемкіріс басқармасы оңды-солды заңсыз салық салып, тұрғындардың құқығын бұзған

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының прокуратурасы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тексеру өткізу аясында салық төлеушілердің құқығы бұзылғанын анықтады. 

В Казахстане сократят количество налогов и платежей
Фото: pixabay.com.

Салық кодексінің 128-бабына сәйкес салық органы дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға, жеке практикамен айналысатын тұлға 1 АЕК-тен астам салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық шығарады.

Алайда, салық органы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне де осындай бұйрық шығарған, бұл олардың жұмысын тоқтатып, құқығын шектеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 4 444 641 теңге болатын 126 салық бұйрығының күші жойылды.

Кейіннен жеке сот орындаушылары шектеу шараларын алып тастады.

Салық кодексінің 114-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес хабарламада, заңда белгіленген жағдайларда, салық міндеттемесінің сомасы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттеме көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда аталған заң талабына қарамастан, ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы 0 теңге сомасы көрсетілген хабарлама жіберген.

Прокурорлық ден қою шаралары арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 675 хабарлама кері қайтарып алынды.

Қол қоюға уәкілетті емес тұлғаның цифрлық қолтаңбасы бар 23 хабарлама жойылды.

127 жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.

Мүгедек баласы бар 63 ата-анаға жалпы сомасы 583 658 теңге заңсыз есептеліп, мүгедек бала мен олардың өкілдерінің конституциялық құқығы бұзылған. 

Артық төленген соманы қайтару шаралары қабылданды.